«Берег» лагері

«Берег» балаларды сауықтыру лагері туралы ақпараты

«Берег» демалыс базасы Курчатов қаласының «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК-ның мемлекеттік маусымдық балаларды сауықтыру нысаны болып табылады және 1976 жылы пайдалануға берілген.

Лагерьдің жобалық сыйымдылығы 40 орын. 2026 жылғы жазғы кезеңде 4 ауысым ұйымдастырылып, 160 баланы қамтиды.

1 ауысым бойынша 39 оқушы барды. Оның 17 оқушы тегін, 22 оқушы ақылы тұрде барды. 
2 ауысымда 40 оқушы барды. Оның 8 оқушы тегін, 32 оқушы ақылы тұрде барды.
3 ауысымда 32 оқушы барды. Оның 6 оқушы тегін, 26 оқушы ақылы тұрде барды.
4 сезон 37 оқушы барды. Оның 3 оқушы тегін, 34 оқушы тұрде барды.

Келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:

- лагердің білім беру-сауықтыру бағдарламасы әзірленіп, бекітілді;

- медициналық пункттің жұмысы қамтамасыз етілді, медициналық ұйыммен медициналық қызмет көрсету туралы шарт жасалды;

- лагерь аумағында тамақтану нысаны жұмыс істейді, балаларға алты мезгіл ыстық тамақ пен ауыз су режимі ұйымдастырылған, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы қамтамасыз етілді. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қорытындысы алынды;

- лагерьдің материалдық-техникалық базасы балалардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру талаптарына сәйкес келетін меншікті ғимараттар мен құрылыстардан тұрады. Балалардың тұруына қажетті жағдайлар жасалып, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлар жабдықталған;

- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күзет қызметі ұйымдастырылған, дабыл түймесі жұмыс істейді, бейнебақылау жүйесі орнатылған;

- балаларды қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға қойылатын талаптарына сәйкес келетін автобус бар.

Қазіргі уақытта Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қорытындысын (тексеру актісін) беру күтілуде. Департамент мамандары нысанға тексеру жүргізді, алайда бүгінгі күнге дейін тексеру актісі берілген жоқ. Аталған құжат алынғаннан кейін балалардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру қызметіне лицензия алу үшін өтінім беру мақсатында құжаттар топтамасы уәкілетті органға жолданатын болады.

Төтенше жағдайлар департаменті мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан қайталама бақылау 2026 жылғы 1 тамызға дейін жүргізу жоспарланған.

Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar