Ту, Елтаңба, Әнұран – бұл мемлекеттікті нығайтуға ықпал ететін ресми атрибуттар, Еліміздің әрбір азаматы мемлекеттік рәміздерді білуге және құрметтеуге тиіс: үлкен де, бала да!
Қазақстанның рәміздері өткенді, бүгінгіні, келешекті бейнелейді, олардың ерекшеліктерін, идеяларын, принциптерін айқындайды. Қазақстан – біздің Отанымыз. Елге деген махаббат пен құрмет көпұлттық халыққа қызмет ететін мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады.
Ағымдағы жылдың 3 маусымында Шығармашылық үйінің «Модница» үйірмесінің жетекшісі Дурмекова А. үйірме қатысушыларымен бірге Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған «Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбынды, Туымен тұғырлы» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларда өз еліне, мемлекеттік рәміздерге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру; оқушылардың Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін тереңдету; мемлекеттік рәміздерге терең құрмет сезімін тәрбиелеу.