Осы аптада Курчатов қаласының «Балалар мен жасөспірімдер шығармашлық үйінің» қосымша білім оқытушылары А.Сағындықова мен А.Төкенова қаламыздың №1, №2, №3 және №4 жалпы білім беретін орта мектептердің мектеп алды лагерьлерінде қонақта болып, оқушылармен «Бірге ойнайық көңілді» атты қыймыл- қозғалыс ойындарын өткізді.
Ойын мақсаты: Балаларды салауатты және белсенді өмір салтына баулуға, дене шынықтыруға деген қызығушылықтын арттыруға бағытталған.
Ең бір қуанарлық жағыдай, бүлдіршіндер ойындарға зор ықыласпен, ынта-жігермен қатысып, барлық ойындарда өздерінің ептіліктерін шапшаңдықтарын көрсете білді.