Ағымдағы жылдың 09 шілдесінде Шығармашылық үйінің үйірмешілері педагогтармен бірге қалалық кітапханаға барды. Кітаптардың сиқырлы әлеміне саяхат жасады.
Экскурсияның мақсаты - балаларға кітапхана деген не, онда кім жұмыс істейді, кітаптар қайда және қалай сақталады, кітаптарды қалай ұстау керек және ата-аналармен кітапханаға қалай бару керектігі туралы жалпы түсінік беру.
Кітапхана қызметкерлері балаларды жылы қарсы алып, кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасауды ұсынды. Балалар оқу және абонементтік залмен, түрлі кітаптар, журналдар жиынтығымен, кітаптарды қолдану ережелерімен, кітаптарды қалай таңдау және кітапханада өзін қалай ұстау керектігімен танысты, «формуляр» сөзі нені білдіретінін және кітапханаға қалай жазылу керектігін білді. Үйірмешілер кітап сөрелерін қызығушылықпен қарап, бір-бірімен әсерлерімен бөлісті.
Экскурсия үйірмешілерге үлкен әсер қалдырды. Балалар кітапханадан кеткісі келмеді және олар сенбі күні ата-аналарымен бірге кітапханаға келуге уәде берді. Кітапханаға бару бәріне өте ұнады.
Қалалық кітапхана ұжымына өте қызықты, танымды кездесу үшін үлкен алғысымызды білдіреміз! Сондай-ақ экскурсияны ұйымдастыруға көмектескеніңіз үшін көп рахмет!