Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, ағымдағы жылыдың 30 тамызда Курчатов қаласының «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» қосымша білім беру оқытушысы А.Сағындықова «Ата-Заң - азат елдің ар-намысы» атты спорт және ойын бағдарламасын өткізді!
Іс шараның мақсаты: оқушылардың бойында адамгершілікті, азаматтықты және патриотизмді қалыптастыру. Салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды дене шынықтыру мен спортқа тарту, белсенділікке, бастамашылыққа, тәуелсіздікке, жолдастық сезімге тәрбиелеу, ең мықты команданы анықтау.
Барлық балалар үлкен ойыннан жақсы әсер алды. Спорттық демалыс балалардың бәсекелестік рухын көтеруге, ұжымда әрекет етуге, қиындықтарды жеңуге көмектесті. Ойында –достық жеңіске жетті. Барлық балалар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Біздің іс -шара қызықты және көңілді болды, және оқушылар үшін көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер қалдырды.