Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Курчатов қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныының педагогикалық ұжымында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Қазақстан халқына Жолдауы тақырыбында жиналыс өтті.
Ұжым директоры Екатерина Анатольевна Никитаенко кездесуді алдағы кезеңге арналған жолдаудың басым бағыттары туралы баяндамасынан бастады.
Бұл кездесудің мақсаты жеке құрамға жолдауды түсіндіру және қойылған міндеттерге жетудің нақты қадамдарын анықтау болды.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев жолдауының тапсырмаларын сапалы орындаудың әр түрлі аспектілері бойынша белсенді пікір алмасу болды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында жас ұрпақтың өзін-өзі тануына, өзін-өзі дамытуына және белсенді әрекетіне үлкен мүмкіндіктер ашады. Әрбір азамат - біздің еліміздің ажырамас бөлігі және күнделікті жұмысымен еліміздің өркендеуіне баға жетпес үлес қосады. Ынтымақ пен бірлік, даналық пен өзара түсіністік - мықты және өркендеген қазіргі мемлекеттің тірегі.
Кездесу соңында Екатерина Анатольевна жиналғандардың барлығын белсенді қатысуға, елде жүргізіліп жатқан реформаларды дұрыс қабылдауға және түсінуге шақырды.