Міне, өлкемізге алуан түсті
жапырақтарымен толқып,билеп
күзгіміз де жетті.
Күздің келуін бәріміз де асыға күттік.
Жаз аяқталып мектепке келген -балалар көңілді.
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Курчатов қаласының «Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйінің» қосымша білім оқытушысы А.Сағындыкова Тәуелсіздік алаңында «Денсаулық эстафетасын» өткізді. Іс-шара салауатты өмір салтына тартуға, дене шынықтыруға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған. Бір қуанарлық жағдай, балалар үлкен ықыласпен және ынтамен ойынға қатысты, барлық жарыстардан өтіп, өздерін мықты, епті және жылдам екендігін көрсете білді. Қорытындылай келсем, күз қоңыр болса да сәттілікке толы, жақсы күндерімен бізді қуантуда.