«Мұнара» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған «Өнерлі өрге жүзер» атты Республикалық байқаудың жеңімпазын құттықтаймыз

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде «Мұнара» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырылуымен «Өнерлі өрге жүзер» байқауы өтті.

Конкурсқа Курчатов қаласынан Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің «Модница» үйірмесінің оқушысы Дүисенбекова Нұрай өз күшін сынап, «Өнерлі өрге жүзер» материалдардан жасалған бұйымдар конкурсына қатысуға бел буды. Нұрай «Күздің тамаша табиғаты» атты композициясын ұсынды.

Шедеврлерді жасау үшін ең қарапайым түрлі түсті фетрды, әдемі моншақ тастарды пайдалануға болады. Жалпы бұл заттар әрдайым қолымнан табылады. Композиция жарқын және эстетикаға сай болу үшін ұнаған әр түрлі түстерді қолдануға болады.

Байқау қорытындысы бойынша Дүисенбекова Нұрай 1 жүлделі орынға ие болып, дипломмен марапатталды.

Біз  жеңімпазымызға алда да  жеңімпаз болуды, жаңа биіктерге жетуді және мұнымен тоқтап қалмауды тілейміз!

1
2
3
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar