Ағымдағы жылдың 11 қазанында ШҚО ОҚО Курчатов қаласындағы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінде» үйірмеге қатысушы оқушылары спорт ардагері Хамит Қайыржанұлымен кездесті.
Мақсаты: жасөспірімдердің дене шынықтырумен және спортпен айналысу ынтасын қалыптастыру, аға ұрпақтың спорттық жетістіктерімен таныстыру.
Әңгіме барысында балалар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды. Әңгіме соңында Хамит Қайыржанұлы: «Біздің қалада бұқаралық спорт дамып келе жатқанына қуаныштымын, спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Мен жастарға спортта өз жолын таңдап, спорттық шыңдарға шығып, рухы мен денсаулығын нығайту үшін спортпен шұғылдануын тілеймін ».