Сабақ барысында барлық балалар өздерінің шығармашылық және интеллектуалдық мүмкіндіктерін толық аша алмайды. Барлық сыныптан тыс жұмыстардың ортақ мақсаты – мектеп оқушыларын үйлесімді тәрбиелеу, жан-жақты дамыту.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Курчатов қаласы бойынша білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» қосымша білім беру оқытушысы А.Сағындықова «Ғажайып -парашют атты бастауыш сыныптарға арналған шеберлік сағатын өткізді.
Парашют ойындары көңілді ойындар. Ойындар өте белсенді болуы мүмкін. ...Ғажайып парашют – бұл тек көңілді ойын ғана емес, сонымен қатар балалардың физикалық дамуы үшін сабақта таптырмас көмекші.
А.Сағындықова шеберлік сағатымен «Мұнара» білім порталы ұйымдастырған Республикалық байқауға қатысты. Қорытынды бойынша А.Сағындықова «Үздік мектептен тыс іс-шара» номинациясы бойынша Гран-при жүлдесінің иегері атанды.