Ағымдағы жылдың 2 қарашасында ШҚО Курчатов қаласындағы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» қосымша білім беру оқытушысы А.Мусатаева үйірмеге келушілермен «Мен кіммін?» атты іс-шарасын өткізді. Бала кез келген жаста шығармашылық қабілетін көрсетуге ұмтылады.
Бұл іс-шараның мақсаты: Үйірме мүшелерінің өз ойын еркін жеткізуі мен актерлік шеберлігін дамыту.
Осыған байланысты оқытушы «Пантомима әлемін» өткізді, оған: мамандықтар, іс-әрекеттер және мимика кіреді.
Оқушылар іс-шара барысында жағымды эмоцияларға толы болды.