«Алақай, демалыс!» атты ойын бағдарламасы

Ағымдағы жылдың 9 қарашасында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында күзгі демалыс кезінде Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің қосымша білім оқытушысы А.Сағындықова «Алақай, демалыс!» атты ойын бағдарламасын өткізді.

Бұл ойынның мақсаты: демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Балаларға арналған күзгі бағдарлама әрқашан өте қызықты, ерекше, көңілді өтеді.

Ойын барысында балалар ән айтты, көңілді ойындар ойнады, көтеріңкі көңіл-күй үшін би биледі, тақпақтар айтты, сайыстарға қатысып, сахналық көріністер көрсетті.

Балалар үшін бұл есте қаларлық, қуанышты және жарқын мереке.

Іс-шара қызықты өтті, іс-шараның мақсаты мен міндеттері сәтті орындалды. Ойындардағыдай бала еш жерде ашылмайды. Мұнда баланың өзі жеке қызығушылықтарын қанағаттандырумен қатар, күдіктенбей, өзінің физикалық және адамгершілік қасиеттерін дамытады, дос болуды, жанашырлықты, артына қарамай көмекке баруды, жеңуді және жеңілуді үйренеді.  Әрине,  іс-шара соңында естелікке  фотосуретке түсіге  бүлдіршіндер әрқашан дайын.

01
02
03
04
05
06
07
08
09
10
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar