Ағымдағы жылдың 8-13 қарашасы аралығында Курчатов қаласының «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі» қосымша білім беру оқытушысы А.Сағындықова « Түрлі-түсті парашют» атты шеберлік сағат өткізді. Шеберлік сағатқа «Күншуақ» балабақшасы, №2 орта мектеп пен №4 мектеп мұғалімдері қатысты. Қамту - 25 мұғалім.
Түрлі түсті парашютты - түстерді немесе санауды бекітуге арналған нұсқаулық ретінде қолдануға болады, қыймыл -қозғалыс ойындарында пайдалануға және бос уақыттты ұйымдастыру үшін көп функциялы құрал.
Парашютты - үй, теремок, саңырауқұлақ қалпақ немесе теңіз деп елестетуге болады ... Парашютпен ойындар бәсекелесуге арналмаған, ол оқушыларды бір командада болып жұмыс істеуге үйретеді.
Бұл шеберлік сабағының басты мақсаты: әріптестермен тәжірибе алмасу.
Мұғалімдер бұл шеберлік сағатына үлкен көтеріңкі қөңіл- қүймен қатысты, нәтижесінде барлығына ойын процесі ұнады.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және шығармашылық табыс тілейміз!