Ағымдағы жылдың 17 қарашасында Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында Курчатов қаласының «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің» қосымша білім беру оқытушысы А.Сағындықова «Ұлт көшбасшысы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты: Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туған, оқыған, қызмет еткен жерлері туралы түсінік беру. Елбасының өмірі мысалында Отанына, халқына деген сүйіспеншілікке, ерлікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында А.Сағындықова балалармен «Тәуелсіз Қазақстанның Президенті» атты тақырыптық әңгіме өткізді, оның мақсаты – балаларға ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қызметі мен өмірі туралы білім беру.
Мұндай іс-шаралар балалардың бойында отансүйгіштік, өз еліне деген мақтаныш сезімін оятады.