Эстафета «Қазақтың ұлттық ойындары»

Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Курчатов қаласы «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің» қосымша білім беру оқытушысы А.Сағындықова үйірме қатысушыларымен «Қазақтың ұлттық ойындары» атты спорттық эстафетасын өткізді.

Мақсаты: Балаларды спортқа баулу. Ұлттық ойындармен таныстыру. Балаларды зеректікке, тапқырлыққа, зейінді болуға тәрбиелеу. Балалардың дене шынықтыру мен спортқа деген сүйіспеншілігін ояту, ой-өрісін кеңейту, сайыс барысында қазақтың ұлттық ойындарына қызығушылықтарын арттыру.

Қорытындылай келе, бұндай ойындар – жас ұрпақ тәрбиесіндегі өмірлік және қажетті элемент деп айта аламыз. Қазақтың ұлттық  ойындарымен таныстыру, балаларды қазақ халқының тарихи-мәдени мұраларына құрметпен қарауға, сонымен қатар ептілікке, ұқыптылыққа үйрететіндігіне сенімдіміз.

1
2
3
4
5
6
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar