2021 жылдың 24 қарашасында Шығармашылық үйінің қосымша білім оқытушысы А.Сағындықова Тұңғыш Президент – Елбасы күніне орай ұйымдастырылған мәнерлеп оқу байқауын өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевты жан-жақты дамыған тұлға ретінде таныстыру, оның халқына сіңірген еңбегін айтып өту, оқушылардың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Балалар сайысқа қатысып, көптеген жағымды эмоциялар мен жоғары патриоттық сезімдерге бөленді.