«Қыста құстарға жем бер» акциясы

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында ШҚО білім басқармасының Курчатов қалалық білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің» қосымша білім беру оқытушысы А.Рахимова «Жас эрудит» үйірмесінің бүлдіршіндерімен, «Қыста құстарға жем бер» экологиялық акциясын өткізді.

Бұл акцияның негізгі мақсаты бүлдіршіндердің  назарын қыстайтын  құстардың мәселелеріне аудару, суық мезгілде құстардың қыстауына көмек көрсету. Ұяларын сақтап қалу.

Акция барысында ата-аналар бүлдіршіндермен бірге ұя жасап, шағын орталықтың аумағында орналастырды. Балалар мен олардың ата-аналары құстардың түрлі азығын үйлерінен әкелді: тары, қарақұмық, күнбағыс. Балалар қанатты достарын өз қолдарымен тамақтандырды.

1
2
3
4
5
6
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar