Бізге балаларымыздың қолымен жасалған ашық хаты екі есе қуаныш, сыйлап, көп жылдар бойы жүрегімізде жылы естеліктер қалдыратыны сөзсіз.
Бүгін, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында, жаңа жыл қарсаңында Курчатов қаласының «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің» қосымша білім беру оқытушысы А.Рахметова №4 орта мектеб оқушыларымен «Жаңа жылдық ашық хат» шеберлік сабағын өткізді.
Балалар бұл үшін әртүрлі материалдарды – ақ және түсті қағазды, картонды пайдаланып, жаңа жылдық ашықхатты өз қолдарымен жасады. Өздері жасаған бүлдіршіндердің көздерінде қуаныш пен мақстаныш сезімі байқалды.
Нәтижесінде барлық балалар жаңа жылдық әдемі ашық хаттарын үйлеріне алып кетті.