Көптен күткен қысқы мерекелер де келіп жетті. Мереке - бұл бүлдіршіндерімізге уақытты қызықты және пайдалы өткізуге, демалуға және күш-қуат алуға тамаша мүмкіндік.
Ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында қуанышты демалыстарымызды алаңсыз өткізу мақсатында Курчатов қаласының «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің» қосымша білім беру оқытушысы А.Сағындықова «Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік тәртібі» тақырыбында оқушылармен іс-шара өткізді.
Мақсаты: Балаларды қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, алған білімдерін бекіту. Денсаулықтарына қауіп төндіретін жағдайлардан болдырмау. Бүлдіршіндерді өз денсаулығын күтуге, бос уақытын тиімді өткізуге тәрбиелеу.
Қатысушылар кауіпсіздік ережесін тыңдап, қауіпсіздіктің негізгі формуласын үйренді: қауіпті жағдайды болдырмау, қажет болған жағдайда әрекет ете білу.