«Абай дана - Абай дара қазақта» тақырыбында дөңгелек үстел

Абай философиясы мәдени-ұлттық болмысымыздың құрамдас бөлігіне айналды.

2022 жылдың 4 ақпанында «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің» қосымша білім оқытушысы А.Сагындыкова  үйірмеге қатысушылар арасында  «Абай дана – Абай дара қазақта» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Балалар ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен оларды әлемдік аренада насихаттау жолдарын талқылады,сондай-ақ  ұлы ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – болашақ ұрпақты Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Өскелең ұрақ дөңгелек үстелді қорытындылай келе ақын өзінің көркемдік құндылықтарымен ел тарихында өшпес із қалдырғандығы туралы өз ойларымен бөлісті.

1-1
1-2
1-3
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar