«Құстар мен кішкентай достарымызға қамқоршы болайық» экологиялық акциясы

Рухани жаңғыру бағдарламасының жобасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың 24 ақпанында Курчатов қаласының «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің»  оқушылары арасында  «Құстар мен кішкентай достарымызға қамқоршы болайық» атты экологиялық акция өтті.

Мақсаты: панасыз жануарларға қамқорлық көрсетіп, балалардың қоршаған ортаға деген, адамгершілік қасиетін жоғарылату.

Осындай іс-шаралардың арқасында үйірмеге қатысушы бүлдіршіндедің жануарларға деген қамқорлық қасиеті дамып, жақсы көзқарас қалыптасады.

Бұл іс-шараның бала өмірінде маңызы зор.  Балаларға  үй жануарларына қамқорлық жасауды үйрету арқылы, ересектер оның бойында сезімталдықты, дамытады, жанашырлықты ынталандырады, әрқашан  көмекке  дайын ұрпақ тәрбиеленеді.

1-1
1-2
1-3
1-4
1-5
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar