«Ұстаз таланты» Республикалық байқауының жеңімпазын құттықтаймыз

Ағымдағы жылдың 22 ақпанында «AБЫРОЙ» зияткерлік білім порталының ұйымдастыруымен ұстаздар арасында онлайн байқау өтті.

«Ұстаз таланты» Республикалық байқауына Курчатов қаласының «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің» қосымша білім оқытушысы А.Мусатаева қатысты.

Байқаудың мақсаты – қазіргі педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау үшін қатысушылардың ғылыми-зерттеу, шығармашылық, кәсіби әлеуетін арттыру. Ғылымға деген қызығушылығын дамыту.

Байқау қорытындысы бойынша Мұсатаева Айжан Мұхаметқалиқызы бас жүлдені жеңіп алды.

Жеңімпазға шығармашылық  табыс тілейміз!

1
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar