Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді. Қазақ халқы үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббат салтанатының, құнарлылық пен достықтың символы болып табылады. "Жас Эрудит" үйірмесіне қатысушы бүлдіршіндер Наурыз мейрамын бейнелейтін суреттер салды.