Наурыз мейрамының мерекесі қарсаңында Курчатов қаласының балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінде «Жас суретші» үйірмесінің жетекшісі Е.Сакенов үйірмешілер арасында «Қош келдің әз - Наурыз» суреттер байқауын өткізді.
Байқау: көркем шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау, жас ұрпақты шығармашылыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында өткізілді.