1961 жылдың 12 сәуірі - Кеңес ғарышкері Юрий Алексеевич Гагарин адамзат тарихындағы тұңғыш адам ғарышқа ұшқан күн.
Бүгін «Космонавтика» мерекесі күні А.Рахметова үйірмеге қатысушы балаларды ғарышты игеру тарихымен және тұңғыш ғарышкермен таныстырды.
Мақсаты: балалардың Космонавтика күнін мерекелеу тарихы туралы білімдерін байыту, мақтаныш пен құрмет сезімін ояту үшін жағдай жасау.
Сондай-ақ, шығармашылық үйінің үйірме мүшелері өз қолдарымен «Зымыран» ашық хатын жасады.