Шығармашылық үйінде фотокөрмелер өткізу дәстүрге айналған. Көрме ұйымдастыру арқылы біз ата-аналарды өз бүлдіршіндерінің өміріне белсенді қатыстыру мақсатын көздейміз.
«Менің отбасым осындай!» жанұя мерекесіне арналған фотокөрмеге оқушылар мен ата-аналар белсене қатысты.
Барлық фотосуреттер позитивті, қызықты. Біздің оқушыларымыздың отбасы тату, көңілді, жігерлі! -деп сеніммен айта аламыз.
КӨРМЕГЕ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСҚАН ОТБАСЫЛАРЫНА ҮЛКЕН РАХМЕТ!