Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің» оқытушылары А.Сағындықова мен А.Мусатаева «Біз жаспыз, бақыттымыз, белсендіміз» атты ойын-сауық бағдарламасымен ардагерлер клубына барып қайтты.
Іс шараның мақсаты: аға ұрпақтың бос уақытын қызықты етіп ұйымдастыру.
Клуб мүшелері уақытты көңілді өткізіп, барлық жарыстарға белсене қатысты.
Мұндай іс-шаралар зейнеткерлердің демалуына, замандастарымен бірге араласып, уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, ардагерлер клубының төрағасы Ғ.Қ. Жұмаділов ұйымдастырған ұстаздарға алғысын білдіріп, қарттар күні қарсаңында барлығына зор денсаулық тіледі.