Қарттар күніне арналған мереке қарсаңында «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің» ұстаздары А.Рахметова мен В.Платонова үйірмеге қатысушы бүлдіршіндермен бірге ата-әжелерімізге арнап ашық хаттар дайындады.
Мақсаты: жас ұрпақтың бойында аға ұрпаққа деген сүйіспеншілік, қамқорлық, құрмет сезімін ояту.
Бұл мереке барлық қарт адамдарға адал еңбектері, үлкен өмірлік тәжірибесі, мейірімділігі мен парасаттылығы үшін құрмет көрсетуге және жылы лебіздерін білдіруге тамаша мүмкіндік береді.
Аталары мен әжелеріне деген шын жүректен құттықтауларын өнер үйінің бүлдіршіндері осылай білдірді.