Абай ауданы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйі» КМҚК №4 мектепте мұғалімдері арасында «Ұстаздар күніне» арналған «Дамаға жол» атты дойбыдан қалалық турнир ұйымдастырды. Дойбы бұл - ақыл-ой спорт түрі, сонымен қатар ойнаған адамға жағымды қөңіл күй сыйлайды.
Турнирге он бестен астам педагог қатысып, мықтылар жеңіске жетті.
Бұл іс-шара мұғалімдердің күнделікті күйбең тіршіліктері мен жұмыс күндерін қызықты қылды.
Төрт сағат бойы мектепте шиеленісті атмосфера болды, стратегиялар жасалып, финалда жүлделі орындар үшін күрделі күрес өтті. Соңғысына дейін кім жеңімпаз болатыны белгісіз болды. Ойын қортындысы бойынша:
1 орын - Хамитжанова Гаусар Берікжанқызы
2 орын - Әбдікәрімова Гаухар Зейноллақызы
3 орын - Құлбекова Әсем Мұқатайқызы жүлделі орындарға ие болды.
Қосымша білім беру педагогы А. М. Мұсатаева дойбыдан І турнир жеңімпаздарына медальдар, дипломдар мен кубоктар табыс етті. Барлық ұстаздарымызды және турнир жеңімпаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!!! Дойбы турнирі қаламыздың игі дәстүріне айналады және жыл сайын талантты қатысушыларды көбірек тартады деп үміттенеміз.