Ағымдағы жылдың 10 қазанында Абай ауданы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйі» КМҚК «Таланттар» үйірмесінің жетекшісі А. Рахметова халықаралық «Қыздар күні» орай, іс шара өткізді.
Мақсаты: Балаларды «Халықаралық қыздар күні» мерекесімен таныстыру, білімге деген қажеттілік пен құштарлықтың қалыптасуына ықпал ету, шығармашылық ойлауға, ептілікке тәрбиелеу, достыққа, еңбексүйгіштікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көптеген мерекелер әйелдерге арналғанын бәрі біледі. Біз оларды тізімдей аламыз. Бірақ 2012 жылдан бері 11 қазанда Халықаралық қыздар күні аталып өтілетінін аз адам біледі. Бұл күн, оның планетаның кішкентай сұлуларына арналған.
Шығармашылық байқаулар мен би марафондарынан тұратын қыздарға арналған ойын - сауық бағдарламасы көңілді өтті. Жалпы вокалдық ойындар мен викториналар балалардың өздерін еркін сезініп, мерекеден ләззат алуына көмектесті. Қозғалыс ойындары қыздарды қуантып, жағымды эмоциялар сыйлады.
Сонымен, кішкентай мерекеміз өз мәресіне жетті. Біздің шығармашылық үйінің қыздары ең ақылды, үнемді және ең үздік екеніне тағы да бір көз жеткіздік!