Үзіліс кезіндегі уақыттары тиімді өткіземіз

Ағымдағы жылдың 12 қазанында Абай ауданы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйі» КМҚК қосымша білім оқытушысы А.Сағындыкова, үлкен үзіліс кезіндегі уақыттары тиімді өткізу мақсатында қаланың №4 және №1 мектептерінде «Ойнау арқылы дамытамыз» атты ойын бағдарламасын өткізді. Оның барысында балалар зейінді дамытатын ойындармен таныстырды.

Іс шара аясында оқушылар алға жылжи отырып, кедергілерден өтіп ептілік, зейінділік, топпен жұмыс жасау дағдыларын көрсетіп, жағымды эмоцияларға ие болды!

Зейін ойындары уақытты қызықты өткізу ғана емес, сонымен қатар есте сақтау, сөйлеу және ойлауды дамытудың тиімді құралы болып табылады. Оқушыларға бізбен бірге ойнау арқылы – ойларыңды жетілдіре беріңдер дегіміз келеді.

1
2
3
4
5
7
8
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar