«Күзгі баққа саяхат» сайыстық ойын бағдарламасы

Ағымдағы жылдың 13 қазанында Абай ауданы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйі» КМҚК қосымша білім оқытушысы А.Сағындықова «Күзге баққа саяхат» атты ойын бағдарламасын өткізді.

Мақсаты: Балалардың тиімді демалысын ұйымдастыру, балаларда қуанышты көңіл-күй сыйлау, қоршаған әлемге деген қызығушылықты дамытуға ықпал ету.

Іс-шарамыз «Буратино» саябағында өтті, оқушылар ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, ертегі кейіпкерлерінің рөлін ойнады. Балалар ертегідегі сөздер мен әрекеттерді ғана емес, сонымен қатар кейіпкердің, мимикасын сала білді. Барлық кейіпкерлермен бірге оқушулар шын жүректен көңіл көтерді, қызықты жұмбақтарды тауып, ертегілердің атын тапты. Олар жер шарындағы барлығына дерлік таныс Чарльз Перроның туындысы - «Етік киген мысық» станциясына жеткенде, онымен «кедергіден секіру» ойынын ойнады.

Мереке сәтті өтті! мұндай іс-шаралар балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі. Квест қызықты өтті. Бүлдіршіндер көптеген жағымды эмоциялар алды.

1
2
3
4
5
6
7
8
9
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar