Ағымдағы жылдың 26-қазанында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйі» кәсіпорнының оқытушысы, А.Сағындықова арналған «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихы» атты рәміздер сағатын өткізді. Мақсаты: Қазақстандық патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне, мемлекеттік рәміздерге, өз халқының тарихи мұраларына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Шара барысында Отан туралы өлеңдер оқылды, әңгімеге қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы ұсынылған сұрақтарға жауап беріп, «Білім аукционы» ойыны бойынша жарысты. Іс-шараның танымдық, тәрбиелік және дамытушылық маңызы зор, мақсатына жетті деп есептеймін. Мұндай іс-шаралар танымдық қызығушылықты дамытады, ой-өрісін кеңейтеді, мемлекеттік рәміздерге, еліміздің тарихи өткеніне, салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелейді.