Ағымдағы жылдың 25 казан Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйіннің» қосымша білім оқытушысы В. Шайкенова «Шаңырақ» шеберлік сағат өткізді.
Халықта «Шаңыраққа қарап сөйле» деген сөз бар – бұл киіз үйде орынсыз, тым қатты сөйлегендерге айтылған. Қазақтар мен қырғыздар арасында шаңырақ отбасының асыл мұрасы, ұрпақ жалғастыру белгісі болған. Шаңырақ бейнесі Қазақстанның мемлекеттік елтаңбасында және Қырғызстанның туында, сондай-ақ Моңғолия облысының Баян -Өлгий елтаңбасында бейнеленген.
Мақсаты: балалардың Қазақстан туралы білімдерін тиянақтау, Қазақстан көпұлтты ел ретіндегі түсініктерін қалыптастыру.
Балалар киіз үй, шаңырақтың қолданылуына қызығушылық танытты, сонымен бірге бұрын Қазақстан халықтарының өмір сүргені, киіз үйлер қалай орнатылғаны туралы әңгімеледі. Шеберлік сыныбында құрдастармен және жасы үлкен адамдармен қарым-қатынас жасаудың әдеті туралы әңгіме болды. Оқушылар үлкедердің тәрбиесі, кішіге қамқорлық деп түйіндеді.