Алақай демалыс!

Алақай демалыс! Ағымдағы жылдың 31 қазанында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» КМҚК қосымша білім оқытушылары А.Рахметова, В Шайкенова үйірме мүшелерімен «Бірге көңілді» ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Іс-шараның мақсаты әр түрлі жастағы балаларды біріктіру, балалар арасында қолайлы эмоционалды-психологиялық ахуал туғызу, бір-біріне деген достық қарым-қатынасты тәрбиелеу, қиялын, ұшқыр тапқырлығын, байқағыштығын дамытуға ықпал ету. Мұғалімдер көңілді сайыстар мен зейінді дамыту ойындарын өткізді. Балаларға күзгі гүлдер мен жапырақтарды безендіруге және қиюға тапсырмалар берілді, сонымен қатар «Мен кіммін?» және «Домино» ойындары өткізілді. Балалар арасындағы қарым-қатынас тату ұжымның табысты дамуының негізі болып табылады.

1
2
3
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar