Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» КМҚК қосымша білім оқытушылары А.Рахметова мен В Платонова үйірмеге қатысушылармен бірге «Қауіпсіз демалыс» атты әңгіме өткізді, сондай-ақ мультфильм тамашалады.
Оқытушылар көшеде, жолдарда қауіпсіздік ережелері туралы айтып, «Балалар мен көше» мультфильмін тамашалады. Мультфильм арқылы игі істер жасау керектігі туралы ойларын жеткізуге тырысты. Әңгімелесу соңында «Солға қара, оңға қара» ойынын ойнап, ата-аналарға «Баланы жолда өзін дұрыс ұстауға қалай үйрету керек» атты ақпараттық парақша таратты.
Жүргізілген іс-шара нәтижесінде балалардың жолда жүру ережелері туралы ой-пікірлері бекітілді, балалар арасында көшеде өзін-өзі ұстау мәдениеті артып, жолда жүру ережелерін сақтау қажеттілігі қалыптасты.