Ағымдағы жылдың 3 қарашасында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» КМҚК қосымша білім оқытушылары А.Рахметова мен В Платонова үйірмеге қатысушылармен бірге «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні» мерекелік-ойын бағдарламасын өткізді.
Оқытушылар демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында ойындар мен эстафеталар өткізілді. Жас спортшылар түрлі жарыстар мен эстафеталарға қатысып, тапқырлық, ептілік, төзімділік танытуға мүмкіндік алды. Ойын алаңында оқушылар өздерінің қаншалықты белсенді және епті екендіктерін көрсетті.
Спорт мерекесі балалардың басын қосып, ешкімді бей-жай қалдырмады.