Ағымдағы жылдың 2 қарашасында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» КМҚК қосымша білім оқытушылары А. Рахметова мен В. Платонова үйірмеге қатысушылармен «Тыңда және сурет» ойындарын өткізді.
Мақсаты: ертегіні қабылдау барысында балалардың есту есте сақтауы мен зейінін, қиял мен ойлауын, шығармашылық қиялын дамыту.
Бұл күні біз балалармен бірге ертегілер мен ертегі кейіпкерлерін еске түсіруге тырыстық, ойын ойнадық, көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білдік, ертегі әлемінде демалдық. Балалар түрлі-түсті кітаптарды, балаларға арналған журналдарды қарап, сүйікті ертегі кейіпкерінің суретін салып, ол туралы әңгіме кұрады. Ертегіні тыңдап, оқи отырып, біз ғажайыптар орын алатын, жақсылық әрқашан зұлымдықты жеңетін сиқырлы әлемге тап болдық. Үйірмеге қатысушылар салған суреттері Шығармашылық үйінің стендіне қойылды.
Бұл туындылар балалардың да, ересектерді де куантты.