«Қыстың иісі қандай?.. Ғажайып... өйткені онда бәрі ертегідей»
Қыс-жылдың керемет сиқырлы уақыты. Суыққа қарамастан, қыс балаларға үлкен қуаныш сыйлайды және көптеген мүмкіндіктер ашады.
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйінің қосымша білім оқытушысы А. Токенова « Шебер қолдар» және «Шығармашылық әлемі» үйірмешілеріне тақырыптық шеберлік сабағын өткізді. Жұмыс ермексаздан мозайка құрастырудан тұрады.
Мақсаты: ермексаздың үлкен бөлігінен кішкентай бөліктерге бөліп, саусақтардың арасына кішкене шар жасап, пішінді құрап, алдын ала қағазға немесе картонға бұтақ суретін салып, ермексаздың түстерінің сәйкестігін бақылауды үйрену.
Балалар өздерінің жеке жұмыстарында өз таланттарын көрсете алды. Өз қолдарымен жасалған бұтақтар, олар тірі сияқты, бай түстерді қолданды. Әркім өз жасаған жұмысына риза болды.
Шеберлік сабағында үйірмелер қысқы табиғат туралы білімдерін кеңейтіп, табиғатқа деген зерттеу қызығушылығын күшейтті. Соңында жасаған өздерінің туындыларын естелік суретке түсірді.