Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Абай облысы білім беру бөлімі Курчатов қалалық білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінде» «Менің Отаным - Қазақстан» атты іс-шара өтті.
Мақсаты: Оқушыларды «Қазақстанның рухани киелі орындарымен» немесе «Қазақстанның киелі географиясымен» таныстыру арқылы рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, ұлтжандылыққа, өз жеріне деген мақтаныш сезімін ояту.
Шара барысында оқушылар Қазақстанның қасиетті географиясының материалдарымен таныстырылды. Балалар өлең оқып, олардың әрбір жолында туған жерінің сұлулығына деген сүйіспеншілік сезділді.