Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанында Семей қаласында балалар жылы аясында Абай аудандық мәслихатының хатшысы Серікқазы Төлеуберген Қуанышұлымен кездесу өтті. Шараға Абай өңірінің әр жерінен келген оқушылар қатысты.
Курчатов қаласының намысын «Таланттылар» үйірмесінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» тәрбиеленушісі Вероника Козлова лайықты қорғады.
Шығармашылық сайыстардағы табандылық пен шеберлігі үшін дипломмен және тәтті жаңа жылдық сыйлықпен марапатталса, үйірме жетекшісі Рахметова Алина Русланқызы да облыстық деңгейде жеңімпаз дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.
Жеңімпазды құттықтаймыз!