Ағымдағы жылдың 5 қаңтарында Абай облысы білім беру бөлімі Курчатов қалалық білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің» оқытушылары А.Рахметова мен З.Юрко №4 мектеп оқушыларымен шеберлік сағат өткізді. Балалар картоннан «Қояндар» ал, джут филигранынан «Орман жануарларын жасады.
Оқытушылар өз қолдарымен әдемі сурет салуды үйретті, композициялар жасау үшін пішіндерді қалай орналастыру керектігін көрсетті. Оқушылар тапсырманы өте байсалды қабылдады және өз қолдарымен жасаған картиналары ұнатты.