«Абырой» интеллектуалды білім порталы жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары мен оқытушыларына арналған қаңтар айында қашықтық байқауын ұйымдастырды.
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйінің үйірме мүшелері ғана емес, мекеме директоры да қатысты.
«Мен таланттымын» номинациясына «Шебер қолдар» үйірмесіне қатысатын Гаганина Наталья, Никитаенко Екатерина - Шығармашылық үйінің директоры, Мейрамбеков Нурислам - «Ойынтехникасы» үйірмесінің оқушысы қатысты.
Ағымдағы жылдың 03 ақпан күні байқау қорытындысы бойынша Гаганина Наталья жүлделі І орынды иеленді, «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Токенова А - алғыс хатпен марапатталды. Шығармашылық үйінің директоры Никитаенко Екатерина - І орын. Мейрамбеков Нурислам – І орын, «Ойынтехникасы» студиясының жетекшісі Сагындыкова А - алғыс хатпен марапатталды.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!