«Қысқы эстафета»

Ағымдағы жылдың 26 ​​қаңтарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Абай аудандық білім бөлімінің Курчатов қаласындағы «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің» қосымша білім оқытушысы А.Сағындықова үйірмеге қатысушы бүлдіршіндермен «Қысқы эстафета» өткізілді.

Мақсаты: ұжымдық эстафеталық жарыстар кезінде алғырлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.

Іс-шара барысында педагог балаларға қыс мезгілі туралы, , қыс мезгілінде су айдындарындағы мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары туралы әңгімеледі. Таза ауада өткізілген ашық ойындар иммундық жүйені нығайтады, зат алмасуды жылдамдатады, балаларды жігерлі етеді, жүйке белсенділігін арттырады. Балалар бір-бірімен қызыға жарысып, эстафетада түрлі тапсырмаларды орындады.

Мұндай сауықтыру шаралары үйірме мүшелерінің жағымды-эмоционалдық көңіл-күйін күшейту арқылы балалардың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.

1
2
3
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar