Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде Абай облысты білім басқармасының Курчатов қалалық білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» оқытушысы А.Рахметова ғарышкерлер күніне арналған поэзия кешін өткізді.
Мақсаты: студенттердің Космонавтика күнін мерекелеу тарихы туралы білімдерін байыту, отандастарына деген мақтаныш пен құрмет сезімін ояту.
1961 жылдың 12 сәуірі – Кеңес ғарышкері Юрий Алексеевич Гагарин адамзат тарихындағы тұңғыш адам ғарышқа ұшқан күн. Бүгін «Космонавтика» мерекесі күні үйірме мүшелері ғарышты игеру тарихымен және Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровпен танысты. Қазақстан ғарышты игеру тарихымен тығыз байланысты. Аты аңызға айналған «Байқоңыр» ғарыш алаңы Республикамызда орналасқан.
Алпыс екі жыл ішінде бүкіл адамзаттың алты жүзге жуық жер тұрғындары ғарышқа сапар шекті. Олардың қатарында Қазақстанның үш өкілі бар: ұшқыш-ғарышкерлер, еліміздің халық қаһармандары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов. Қазақстан ғарышкерлері орбиталық ұшуларға бес рет қатысты, оның біріншісі 1991 жылы жасалған.
Сондай-ақ, шығармашылық үйінің үйірме мүшелері өз қолдарымен, жалған «Жер» атты қолөнер жұмысын жасады.