Ағымдағы жылдың 25 сәуірде Абай облысты білім басқармасының Курчатов қалалық білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» педагогы А.Сағындықова №4 мектеп алаңында «Зоологиялық жарыс» эстафетасын өткізді.
Мақсаты: оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, байқағыштығын, зейінін, ойлауын, білуге құштарлығын дамыту.
Ойын барысында оқушылар екі командаға бөлінді. Олар бұл тапсырманы «өте жақсы» орындап, хайуанаттар бағында «Қоқиқаз» және «Түйеқұстар» атты екі команда жарысты.
Бұл ерекше эстафета болды. «Жарыстар» барысында қатысушылар планетамыздың әртүрлі жануарларының тіршілігі туралы қызықты деректермен танысып, оларға еліктеп тапсырмаларды орындады. Балалар кенгурудай арқаннан қуана секірді, тасбақадай төрт аяқтап жүріп, үлкен қырықаяқтай ажырамай команда болып қашықтықты жүріп өтті. Эстафета бойы командалар бәсекелестік рухын сезінді.
Әр команда өз ойыншыларын қолдап, атын атап, алақандарын соқты. Эстафета көңілді өтті!