«Қең және тату елдің кішкентай суретшілері» асфальтқа сурет салу байқауы

Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қалалық білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің» оқытушылары Анар Сағындықова мен Алина Рахметова Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Кең және тату елдің кішкентай суретшілері» атты  асфальтта сурет салу байқауын өткізді.

Бұл 100-ден астам ұлттар тұратын елдің бейбіт өмір сүруіне аса қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Қазақстанның үлкен отбасында қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, корейлер, ұйғырлар, еврейлер, армяндар, грузиндер және көптеген басқа ұлттар тұрады. Бұл халықтардың әрқайсысы өзінше ерекше. Бірақ біздің Республика аумағында олар біртұтас тату халық. Міне, 1 мамыр мерекесінің мәні де осы. Мұғалімдер балалармен «Бір шаңырақ астында» атты мазмұнды әңгіме өткізді.

Балалар үлкен ынтамен күнді, гүлдерді, әрине, өздері бірге тұрып жатқан Қазақстанның туын салды. Балалардың салған суреттерінде олардың шығармашылық қабілеттері мен қиялдары толық ашылды. Көптеген суреттер шағын сәндік-көркемдік композицияларға айналды. Олар бейбітшілікке, ұлы еліміздің халықтары арасындағы бірлік пен достықты сүюді білдіреді.

1
2
3
4
5
6
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar