Ағымдағы жылдың 4 мамырында Абай облысы білім басқармасының Курчатов қалалық білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйінің» педагогы Зинаида Юрко Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «Біздің қайсар сарбаздар» атты ойын-викторинасын өткізді.
Іс-шара патриоттық сезімдерге, өз еліне деген мақтаныш сезімдеріне, Отан қорғаушыларға деген құрметке, өз Отанын қорғауға деген ұмтылысқа тәрбиелеуге бағытталды. Үйірмеге қатысушылар екі командаға бөлініп, әр түрлі сұрақтан тұратын сайыстарға қатысты. Балалар әскери мамандықтар жайлы, әскери техника, олардың оқ-дәрілері мен қару-жарақ түрлері туралы сұрақтарға жауап берді. Интеллектуалды ойын оқушылардың ел тарихына деген танымдық қызығушылығын дамытуға, туған жері туралы білімдерін кеңейтуге ықпал етті!