«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы

Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында «Мұрагер» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы 5 номинация бойынша Абайтану олимпиадасын онлайн түрінде жариялады.

Абайтану олимпиадасының басты мақсаты қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу, оқушылардың классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру болды.

Осынау онлайн байқауында Бас жүлденің иегері Абай облысы білім басқармасының Курчатов қалалық білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы Үйінің» үйірмеге қатысушысы Тұрсынбек Нұрғалым болды. Ол «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша өз шығармасындағы – «Абайға арнау» өлеңін оқыды.

Үйірме жетекшісі педагог Кумарханова Айнұр Серікқызы алғыс хат алды.

Біздің жүлдегерді шын жүректен құттықтаймыз!!!

1
Абай облысы білім басқармасының
Курчатов қаласы білім бөлімінің
«Балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі» КМҚК
ҚР, Абай облысы
Курчатов қ., Олимпийская көш., 15
Тел.: 8 7225 12-15-59
Дизайн және әзірлеу
SemStar