7 мамыр мерекесі - Қазақстан халқы үшін патриоттық өрлеу мен ел үшін мақтаныш сезімін ерекше ескеретін күн. Бұл Қазақстанда 2012 жылдан бері аталып келе жатқан Отан қорғаушылар күні. Осынау көктемдік ерекше сәтте, қазақстандықтар Отанды қорғауға дайын, бүкіл әлемде бейбітшілік үшін қызмет етіп жүрген азаматтардың барлығын құттықтайды. Біздің көгімізде бейбіт күннің жарқырап тұруына, біздің Республика мен оның барлық тұрғындарының тыныш ұйықысына үлес қосушылар осылар!
Осы мерекеге байланысты 7 мамыр күні Абай облысы білім басқармасының Курчатов қалалық білім бөлімінің "Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінде" үйірмешілермен - "Бір ел! Бір тағдыр! Бір халық!» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты болашақ ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу және Отан алдындағы борышына адалдықты қалыптастыру болды.
Дөңгелек үстел барысында педагог Кумарханова Айнұр Серікқызы балаларға Отан алдындағы міндеттер, елге, туыстарына және өз жеріне деген құрмет, Отаны үшін өмірін қиған сарбаздар туралы айтып берді.
Іс-шарада балалар Отанға арналған өз шығармашылықтарынан өлеңдерін оқып, өздерін қызықтырған оқиғалармен бөлісті, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қ.Қайсенов, Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаевтың ерліктері жайында жазылған кітаптармен танысты. Балалар дөңгелек үстел барысында алған ақпаратына риза болды.